Қоғамның кемшілігі – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Қоғамның кемшілігі» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1046
(Тілшілер хаттарынан)

Қоғам биыл мың бұттай егін септі,
Барлығы жүз елудей жерге екті.
Күз болғанда жүз пұттай әрең түсіп.
Қалғанын «шегіртке» мен «тышқан» жепті.
Бір жерден ат-тоны бар сексен пұттап,
Алғанда кедейлердің ерні кепті.
Есеп-қисап қылғанда қатесі жоқ.
Із-тозын білдірмейтін неткен епті!
Үйде жуан жайымен тісін шұқып,
Деп отыр ««желден алған, желмен кетті!»
Қулығы асқан аузын шөппен сүртіп,
Біразы тексергенде сотқа ілекті.
Көп жиылып, көл қып-ақ тастап еді,
Не керек қайран еңбек босқа кетті!..

1925


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоғамның кемшілігі өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Қоғамның кемшілігі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоғамның кемшілігі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоғамның кемшілігі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері