Құрбым-ай (2-нұсқа)

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1927
Біздің ауыл, мінекей, колхоз аулы,
Өсуіне колхоздың еткен қаулы.

Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.

Екпінді топ бригада ұштасқандар,
Қырына алса, қиратқан қара тауды.

Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.

Жайқалтып сайды егінім салаларын,
Елімнің ұлан-байтақ далаларын.

Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.

Қара жердің қыртысын қарсы айырып,
Астықпенен толтырып далаларын.

Қайырмасы:
Құрбым-ай,
Замандасым, құрбым-ай,
Өседі көңіл күн-күн-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрбым-ай (2-нұсқа) өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Құрбым-ай (2-нұсқа) өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Құрбым-ай (2-нұсқа) өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрбым-ай (2-нұсқа) өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері