Ақпан айы – Мерей Қартов

Бұл бетте «Ақпан айы» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1111
Ақпан айы қасқырлардың бал айы,
Тауға кетіп ұйығады талайы,
Түзге кеткен тағылардан босаңсып,
Тынышталар қойлы ауылдың маңайы.

Арыса да қасқырларда жан сірі,
Азуында тағдыры мен таң сыры
Айға ұлып, ант береді түн ауа,
Қосыларда арланы мен қаншыры.

Қасқырларға ақпан қымбат кезінен,
Ажыратар Абаданды езінен,
Нұр таматын азуынан қан тоқтап,
Құртқасына қосылғанның көзінен.

Тістескеннің кететұғын тісінде,
Аямайтын ар алдында күшін де,
Қасқырларды құрмет тұтам тағы да,
Сыңарына адалдығы үшін де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақпан айы өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Ақпан айы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақпан айы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақпан айы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері