Дәтім жетпей
Бұл бетте «Дәтім жетпей» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қаға-қаға қанатын талғанда үміт,
Бір көруді өзіңді арман қылып,
Жүргенімде.оралған жыл құсындай,
Қайта неге кезіктің арман жігіт?!
Айтып-айтып болғанда айтарымды,
Шырқай алмай бұрынғы қайта әнімді,
Жүргенімде кеудемде тынып жатқан,
Тұтандырып жібердің қайта мұңды.
Сен бе, мен бе, тағдыр ма кінәлі кім?
Көкірегіме жас болып құлады мұң.
Ақ қағазға жас болып жосылды кеп,
Жосылды кеп назы бар бұла жырым.
Түнгі қала жым-жылас шырағы өшкен,
Көше шеті жасыл тал құрағы өскен.
Сен келесің жүректе қалған адам,
Бәрі елес қалайша шығады естен?!
Айлы аспан мүлгиді жасын төкпей,
Самал тарап қояды шашыңды ептей.
Қатты тоңып қасыңда келе жаттым
Білегіңнен ұстауға дәтім жетпей!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі