Жаңбырда – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Жаңбырда» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 575
Көк зеңгірден кетсе де жасын құлап,
Түк сезбеспін жосылды жасым – бұлақ.
Бар ұққаным арпалыс кеудемдегі,
Құйып тұрған жаңбырдан басымдырақ.

Қабақ түйіп қара бұлт тұнжырайды,
Тереземді тамшылар ұрғылайды.
Жас бұтақта бүрісіп қара торғай,
Гүл жылайды егіліп, қыр жылайды.

Көңілімнің көл толқып шарасына,
Дауа таппай жүректің жарасына.
Тұрғанымда керілді кемпір қосақ,
Екі ауылдың тұтасып арасына!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері