Тарихқа тұлға армия
Бұл бетте «Тарихқа тұлға армия» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Даусы октябрьдің саңқ еткенде,
Құлдық түн жиырылып жалп еткенде,
Құлпырып бостандықтың тоты таңы,
Алтын күн — коммунизм жарқ еткенде.
Жыртқыштар түн жорығын аңсағанда,
Бостандық көгін бұлт қоршағанда,
Даусы жердің жүзін тітірете
Лениннен болды бұйрық барша жанға.
Ол айтты: «Уа, еңбекті сүйген халық!
Қайратыңды намысқа өткір жанып,
Көк мылтығын ызамен тығыз оқтап,
Шық майданға, жігерден дабыл қағып!»
Ол айтты: «Халық демі — дауылды жел.
Халықтан төгілген тер — дария сел.
Деміңмен жауыздықтың, шаңын сілкіп,
Лебіңмен дүние кірін тазалап бер!»
Ұрандай шықты сонда жорыққа жұрт,
Сырылып екпінінен көктегі бұлт,
Тапталды табанында жыртқыш аңдар,
Жаншылды: жылан, шаян, бар қарақұрт.
Жарқ етті бұлт бүркенген таң құлашы,
Болмады бөгет алда тау қиясы,
Жорықта жеңіп шыққан халықтың бұл
Ардақты ұлы Қызыл Армиясы!
Күш-қоры елдің орақ, балғасында,
Жасаған жұлдыздай боп күн қасында!
Шынықты жылдан жылға құрышталып,
Ленинизм дәуірі домнасында!
1940
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Әл – Фараби
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі