Кітапхана – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Кітапхана» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1757
Міне, түнгі сағат төрт. Үйдің іші
Шырт ұйқыда. Көшеде жүрген кісі
Естілмейді. Тымық түн. Жаз. Сайрайды
Тереземнің алдында бұлбұл құсы.
«Құлаққа ұрған танадай» осы шақта,
Көбін оқып, біразын алған жатқа
Кітаптарым столда, шкафтарда
Тізіліп тұр әскердей қойған сапқа.
Әр қарулы әскерлер, әр киімді.
Арғы Гомер, Щипачев тұр биылғы.
Философ, экономист, артист, ақын
Бар ғасырдан тіресіп тұр иығы,
Сансыз заман өкілі... сансыз қоныс:
Сансыз тілдер бөлмемде тауып тоғыс,
Бәрінің тілін біліп, сөйлестіріп
Тұр қасымда өнегем — ұлы орыс.
Уа, орыс көрсеткен сен маған жарық.
Арқаңда сенің ғана, мен хат танып,
Сен аударған сансыз тіл кітаптарын
Оқимын үйіме де жинап алып.
Білімнің кезген шақта ылди, өрін,
Асылын алған шақта теріп тегін,
Оларды пайдалану жолын маған,
Әрдайым үйретеді ұлы Ленин.
Уа, Ленин, бар білімнің сен көзісің.
Кіршігі жоқ асылдың нақ езісің.
Сан мыңдаған ғалымдар жасап кеткен,
Білімдердің қорытқан синтезісін.
Кітаптардың теңізін терең, ұшан
Аралай, қай уақытта кезсем, қашан,—
Кетпей батып, шығуды аман малтып,
Әрдайым Ленинменен ақылдасам.

1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кітапхана өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Кітапхана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кітапхана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кітапхана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері