Бір халге кірдім

Бұл бетте «Бір халге кірдім» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1110
Бір халге кірдім, ешкім кірмеген,
Жерде жоқпын, күл денем!
Өзімді көрдім, шындап күлмеген,
Сезімді көрдім, бұрын білмеген!

Сағадат сәтте шындық ашамын,
Гүлге шомылған таңды жасадым.
Жан біткенді таң қып, осы әнім,
Бір халге кірдім, ешкім кірмеген!

Жалғанның сырын айтсам, жылайсың,
Сыбызғы болдың, сен бір қурайсың!
Махаббат болмас, сүймей, құлай шын,
Бір халге кірдім, ешкім кірмеген!

Жаны жұтаңға көрінбес, әлем,
Сұрама, ештеңе, жарымес, менен!
Ғаріптің әлсіз – халін кешкен ем,
Бір халге кірдім, ешкім кірмеген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір халге кірдім өлеңінің авторы кім?

Гүлнәр Шәмшиева — осы өлеңнің авторы.

Бір халге кірдім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір халге кірдім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнәр Шәмшиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір халге кірдім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері