Жаратқанды пәктеп тұр

Бұл бетте «Жаратқанды пәктеп тұр» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 540
Жәннәт күлкі – мендегі, гүл жихазын құрғамын,
Шашбауында көктемнің – сыңғырлаған сырға-күн!
Алау түске шомылған – ымырттағы жырларым,
Жаратқанды пәктеп тұр!

Жауып жатыр төбемнен – сары гүлдер нөсері,
Көктемімен қауышқан – көңіл неткен хош еді!
Сағыныштан бұлт таққан – көкжиектің кешені,
Жаратқанды пәктеп тұр!

Әлемінде – тыныштық, тынысында – гүл өмір,
Толассыз бұл тірліктен- панасына түне бір!
Махаббаттан мүлгіген – мүкті қара, міне бір,
Жаратқанды пәктеп тұр!

Келші, дұға қылайық- жұма келді, ақ боп бір,
Жайнамазда жалындап, дәргахына шоқ боп кір!
Өзі берген кітаптарым – өзін ғана пәктеп тұр,
Жаратқанды пәктеп тұр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаратқанды пәктеп тұр өлеңінің авторы кім?

Гүлнәр Шәмшиева — осы өлеңнің авторы.

Жаратқанды пәктеп тұр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаратқанды пәктеп тұр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлнәр Шәмшиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаратқанды пәктеп тұр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері