Өз жемісің – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Өз жемісің» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Партия!.. Қазақтың кең даласынан
Көтердің құнары мол талай тыңын.
Аналық мейіріммен, жаны ашыған,
Ұрықты сеуіп, күттің көрмей тыным.
Мол сепкен ұрықтарың шешек атып,
Жіберді сұр даланы гүлге бөлеп.
Мәуесі шырын балдай көрсең татып,
Отанға таусылмайтын болды қорек.
Мен де сол, саналуан жемістердің
Бірімін,— тақтың маған «ақын» атты.
Бойда бар асылымды саған бердім,
Меңгер де, қуатыңа қос қуатты!
Мен ғана емес мұны айтар ұлың,
Сөзі бұл ұл-қызыңның миллиондаған.
Әрдайым шаттықпенен қосып үнін,
Естірте бар әлемге шырқайды ән.
Отанның бес тармақты жұлдызының
Бірі боп, төріңнен біз алдық орын.
Партия!.. Тыңда, қазақ ұл-қызының
Қосыла, саған арнап айтқан хорын!..
Арымай, талмай, тоқтап тыным алмай,
Үздіксіз ерге тартсаң елің үшін,
Жолында, болып өскен дәмі балдай
Біз-дағы мақтанарлық өз жемісің,!

26. X. 1958 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өз жемісің өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Өз жемісің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өз жемісің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өз жемісің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері