Шаталов менің жерлесім – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Шаталов менің жерлесім» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 835
Космонавтың жанымдай
Жақсы көрем өңгесін...
Тонымның ішкі бауындай,
Менің де ұшты жерлесім!
Владимир Шаталов,—
Қызылжарлық бауырым,
Тиыш кеңісті қопарып
Гулетті Совет дауылын!
Жырақ жақта ұшып жүр,
Жұлдыздай аққан зымырап.
Советтік намыс үшін жүр,
Ерлік ісі тым ірі-ақ!
Самға, самға, жерлесім!
Ұшқыштың оз, бәрінен!
«Бұл не деген ер?!» десін,
Мекен тап ең әріден!
Қуанышпен қарсы алды,
Отаның, ұяң — Қызылжар;
Ақын ағаң жар салды, деп,—
«Сенде күндей қызу бар!»

14. I. 1969


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шаталов менің жерлесім өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Шаталов менің жерлесім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шаталов менің жерлесім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шаталов менің жерлесім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері