Сәкен Сейфуллинге – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Сәкен Сейфуллинге» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 895
Кергем жоқ табиғаттан шеберді мен
Жаз, гүл, бұлбұл,... ғажайып нелерді мен
Жолықтырған шақтарда, Сәкеннен-ақ
Түгел табам «көркемдік» дегенді мен.
Жаз, гүл, бұлбұл көрікті мезгілімен,
Мезгілі өтсе тозады өздігінен. Ал,
Сәкен бар мезгілде өзгермейді,
Арнаулы ажарынан, көзге ілінген.
Әдейі тамашалап қарау үшін,
Жаралар осындай-ақ сұлу мүсін!..
Тойдырып көзді түр мен тұрпатына,
Аралап кең.бақшадай кетем ішін.
Нелер түс гүл, ғажайып нелер жеміс
Бағына жайнап өскен оның тегіс!..
Ақыл, ой, парасатын түгел кезсем,
Таппаймын бірінен де мүлтік кеміс.
Бәрі шын асылының жалғаны жоқ.
Қатар өскен, кідіріп қалғаны жоқ.
Табиғаттың өзіндей еркін өскен,—
Сырты жұмыр көрінген, жан-жағы жоқ.
Мызғымас әділдіктің берік досы,
Дерліктей досқа—«қуан!», жауға—«шошы!»
«Адам кім?» дейтіндерге табиғаттың,
Дәлелді толық берген жауабы осы!..
Ғажайып хрустальдай мың сан қыры,
Онан да кеп жалынды өлең-жыры.
Мәңгі жаса, бұған да құлпыра түс,
Қазақтың тарихының, жаңа жылы!

1936


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәкен Сейфуллинге өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Сәкен Сейфуллинге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәкен Сейфуллинге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәкен Сейфуллинге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері