Өлең, жыр, ақындар

Ара – шалғай

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 813
Ара – шалғай:
сiзде – күндiз, менде түн.
Бiздiң жақта түн қымтаған жер бетiн.
Сiздiң жақта қызып жыбыр тiршiлiк,
Әлдекiмдi алдап жатыр әлдекiм.
Ара – шалғай...
ойлап жүрмiн сiздi мен,
Сағыныш боп сыбырлайды күз күрең.
Арадағы алып мұхит өрiне,
Қалтылдаған қайығымды жүздiрем.
Ара – шалғай...
бiздiң қала ұйқыда,
Ән де тынған, қалған және күй тына.
Терезеден ай қарайды мазақтап,
Қиял кешкен бiр бейбақтың сиқына.
Ара – шалғай...
сiзде де күз, бiзде күз,
Екi жақта екi әлемге енгемiз.
Ұйқыдағы қала жақта бiр жүрек,
Сiз деп соғып жатыр десе сенбеңiз...
Ара – шалғай...
көрiспеспiз күн-айлап,
Сiз келгенше өзгерер-ау бұл аймақ.
Мен оянсам, сiз ұйықтайтын шақ туар,
Көз iлiңiз менi де сiз бiр ойлап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балама сыр

  • 0
  • 0

Бiлмеймiн мен – кiм болады есiмiң,
Қашан өмiр ашар саған есiгiн?
Бiрте-бiрте әкелiкке жақындап,
Терiп келем талайымның несiбiн.

Толық

Күн райы

  • 0
  • 0

Қапырық ыстық қуырып жерді, ауаны,
Бала-шағаның аппақ шаң болып балағы,
Шілденің күні миыңды тесіп тұрғанда,
Әп-сәтте ауылым әбігер бола қалады.

Толық

Өлдi адам

  • 0
  • 0

Өлдi адам.
Өмiр немене?
Сөндi де тiрлiк көрiгi,
Топырақ өстi төбеде,

Толық

Қарап көріңіз