Өлең, жыр, ақындар

Достым-ай, уақытқа айтшы – «тоқташы» де

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 808
Достым-ай, уақытқа айтшы – «тоқташы» де,
Сыр бердiм шыдай алмай көп бәсiне.
Көшiнен қалмау үшiн жанталасып,
Жабымның теуiп келем өкпесiне.
Тоқташы, аял қылшы, арғымағым,
Көшiңе iлесем деп барлығамын.
Белгiсiз бағыттарға ала қашып,
Әрi-сәрi еттiң ғой жан құмарын.
Қайтесiң қайғы сыйлап, өкiндiрiп,
Өткенiм қалды өзiңнiң өтiңде ұлып.
«Бәрi де алда» деумен, алдарқатып,
Алдымнан жүгiртесiң кекiлдi үмiт.
«Алда» деп дәмеленген анық тойдан,
Еншiмдi алар екем тауып қайдан?
Түсiмде балалығым былдырлайды,
Томпаңдап керуенiңнен қалып қойған.
Бұл пенде аңсар дерсiң күндi қандай,
Шаршаймын да тамсаймын мұңды балдай.
Елмен бiрге емпеңдеп жүгiремiн,
Ойдағы iстiң бiрiн де тындыра алмай.
... Достым-ай, уақытқа айтшы – «аялда» де,
«Азырақ дем алайық саяңда» де.
Тағы да таң атады, күн батады...
Дариға-ай, өтедi өмір...
баян қане?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асық

  • 0
  • 0

Сағынып, сыздап жүр кеудем,
Елес жоқ бала күндерден...
– Ойнайық омпы, үштапан!
– Шеңбер сыз, қане!

Толық

Амстердам

  • 0
  • 0

Амстердам.
Әуежай абыр-сабыр.
Гу-гулескен әр тұста қалың шоғыр.
Алабұртып аспанға телміресің,

Толық

Санаулы сағаттардан соң

  • 0
  • 0

Санаулы сағаттардан соң,
Ескi жыл,
демiң бiтедi.
Үмiтпен дос боп арман шын,

Толық

Қарап көріңіз