Санаулы сағаттардан соң – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Санаулы сағаттардан соң» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 587
Санаулы сағаттардан соң,
Ескi жыл,
демiң бiтедi.
Үмiтпен дос боп арман шын,
Жаңаша күндер күтедi.
Ескi жыл, саған разымын,
Ұсындың қызық алдан көп.
Айналып тiрлiк қазығын,
Орнымды шаң ғып қалғам жоқ.
Шырқап та биiк кетпедiм,
Қалмадым және төменде.
Жастықтың сендiк көктемiн,
Жыр етiп қостым өлеңге.
Мың түрлi адым аттадым,
Сан рет жандым, өртендiм.
Бәрiбiр атып ақ таңым,
Шақырып тұрды ертеңiм.
Ескi жыл, қош бол, амал не,
Сен қалдың...
алда күнiм бар.
Саламын мүлде жаңа әнге,
Қуаныш бер де,
мұңымды ал.
Ескi жыл, естi үнiмдi,
Разымын шын-ақ мен саған.
Кеп қалған Жаңа Жылымды,
Қараша ғана қарсы алам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері