Дағдарыс – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Дағдарыс» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 937
Мен қазiр –
Қабарып батып отырмын! –
Мұң мен қапаға.
Ақылым – айран,
Миым – атала.
Үмiтiм –
Шiрiген жiп құсап! –
Бырт-бырт үзiлiп жатыр.
Ойларым
Ойран болып –
Бомба түскен үйлердей
Бұзылып жатыр.
Тауды басып жатқан
Қара бұлттарға
Көмiлiп қалғандаймын.
Пойыздың астына түсiп,
Кiндiк тұсымнан кесiлiп
Бөлiнiп қалғандаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері