Қарабұлақ – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Қарабұлақ» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1110
Әр тасы ән салатын,
Алыстан танылатын,
Таңды кеш қарсы алатын,
Түнді ерте жамылатын,
Киелі Қарабұлақ.
Орайды асқар шыңы,
Басына көк мұнарды.
Сыңғырлар тастан суы,
Тұп-тұнық ақ тұмаңды,
Сүйемін, Қарабұлақ.
Сұлулық тұрар тұнып,
Табиғат көрмесіне,
Тәңіртау тұмар қылып,
Қадаған кеудесіне,
Өзіңді, Қарабұлақ.
Шежіре – топырағың,
Қанша асыл басып өтті?!
Табынып отырамын,
Қартыңның қасиетті,
Сөзі үлгі, Қарабұлақ.
Ізім бар бөктеріңде,
Жанымның тамырысың.
Алыстап кеткенімде,
Өзіңе сағынышым,
Тәтті екен, Қарабұлақ.
Сен десе, жүрегімде,
Шаттық гүл атады екен.
Жайнай бер, түле, гүлде,
Ғажайып атамекен,
Ақ мекен, Қарабұлақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарабұлақ өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Қарабұлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарабұлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарабұлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері