Күн райы – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Күн райы» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 818
Қапырық ыстық қуырып жерді, ауаны,
Бала-шағаның аппақ шаң болып балағы,
Шілденің күні миыңды тесіп тұрғанда,
Әп-сәтте ауылым әбігер бола қалады.
- Ошақтың үстін, ойылған көңді жабалық!
- Көзін бітеңдер, кетпесін жырып дәу арық.
- Не болып қалды, шақырайып тұр ғой мына күн?
- Торайғыр үстін келеді қаптап қара бұлт...
Торайғыр тауы алыстау біздің ауылдан,
Сол заңғар биік еліме бақ боп танылған.
Бұлт қаптап кетсе Торайғыр-таудың төбесін,
Біздің ауылға хабар келеді жауыннан.
Бұл таудың көпке мәлім-ақ даңқы, атағы,
Аңқыған жусан, қыналы тастар – шапаны.
Соған қарайлап, шабысқа шалдар ұлдарын,
Шалғысын беріп, шығарып салып жатады.
Елдің ішінде күн райы үшін уайым көп,
Бір тамшы тамбай, өртейді аптап айың кеп.
Құдайдан тілеп, тасаттық беріп жатсаң да,
Торайғыр үстін бұлт қаптамаса, қайыр жоқ.
Сенесің бұған бәрі де тура келгесін,
Елім тілесе, ақ жауын жаусын, селдесін.
... Торайғыр, сені ораса орап қара бұлт,
Ауылымның көгін қара бұлт қаптай көрмесін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күн райы өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Күн райы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күн райы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күн райы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері