Бұзылған үй – Есей Жеңісұлы

Бұл бетте «Бұзылған үй» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 578
Құпиясын, қазынасын көп күннiң,
Кеш те болса сезiнгiм кеп, кеп бiлгiм,
Бұзылған үй,
бүгiн сенiң орныңа,
Мен есейген жiгiт болып кеп тұрмын.
Он-он бес жыл өте шықты арада,
Уақыт деген жұлдыздайын ағады, ә.
Ұя едiң iшiң толы балаға,
Қорғандары – жан әке мен жан ана.
Таң қалысып көрмегенге, көргенге,
Ойнайтынбыз сенiң кең-кең бөлмеңде.
Өлеусiреп өткен күннiң елесi,
Өксiк болып сөнiп жатыр кеудемде.
Бақытты едiк сол шақтарда бiз қандай!
Тұрғанын-ай содан жалқы iз қалмай...
Қатал жандар менiң сәби күнiмнiң,
Ең сәулеттi ақ сарайын бұзғандай.
Тiрлiк кештiк таласа да тармаса,
Жоққа жол сап, назар қоймай барға аса.
Орныңды да бүгiн сенiң таппас па ем,
Әкем құйған iргетасың қалмаса.
Жүрегiмдi мұң кернедi бiр ауыр,
Баяғыны аңсау шығар, сiрә, бұл.
Мүлде ұмытып бiздiң ғажап күндердi,
Тiршiлiгiн жалғап жатыр бұл ауыл.
Бұзылған үй...
сен биiк ең, еңселi ең,
Құр топырақ боп жатырсың белшеден.
Сол шақтағы өзiмдi де көре алмай,
Тағы алыстап кетiп барам мен сенен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұзылған үй өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Бұзылған үй өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұзылған үй өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұзылған үй өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері