Ығы-жығы көліктер

Бұл бетте «Ығы-жығы көліктер» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 587
Ығы-жығы көліктер,
Ығы-жығы адамдар.
Басылмаған желіктер,
Жасалмаған қадамдар.
Таңданған да сұқтанған,
Ығы-жығы бастағы ой.
Ығы-жығы бұлттардан,
Арылмаған аспан-ай...
Тоғысады қуыста,
Жаманың да, жақсың да.
Ығы-жығы жұмыста,
Ығы-жығы тапсырма...
Тіршіліктің аралы,
Ығы-жығы өрнегі.
Бастап алып барады,
Ығы-жығы жол мені.
Ығы-жығы толқынды,
Көл бетіндей көгілдір –
Тірлік күйі шертулі,
Ығы-жығы өмір бұл...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ығы-жығы көліктер өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Ығы-жығы көліктер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ығы-жығы көліктер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ығы-жығы көліктер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері