Өлең, жыр, ақындар

Ару

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1189
(құрдас құрбым Аруға)

Табынбаған атына оның ер тегін,
басталады содан ғажап ертегің.
Бабам қазақ қастерлеген қызды ерек,
Ару деген Ай мүсінді көркемін.
Кездессе де тағдырынан сан қысым,
қайратымен сүйіндірсе тал мүсін —
бабам қазақ көрсе көзі тоятын
Ару деген ажарлы әрі арлысың.
Ойлылықпен тартымды ғой бет, пішін,
ақыл жоқта көз қуантпас еш мүсін.
Бабам қазақ ең алдымен қызының
Ару деген көркіне сай естісін.
Ат қойыпты саған, құрбым, Ару деп,
тұратындай содан әсем ән гулеп;
Солай ғана тербе ылғи көңілді,
ессін алдан ән самалдай ару леп.
Дүниеден сан ару қыздар өтті, өтер,
мынау халық: ондай қайда деп кетер.
Көрсет бізге болмысыңның қырларын,
Ару есім телінбейді тек, бекер
Тіршілікте өткен күннен қалуда із,
біз де соған қосулармыз, алумыз.
Арамызда жүргеніңе сендірші,
бабам қазақ сыйлап кеткен ару қыз...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт

  • 0
  • 0

Уақыт жайлы көп ойладым бас қатып,
қызықтым ба қайсар, жүйрік қалпына?
Жүрмесе де табаныма тас батып,
қалып барам, қайырылмады ол артына.

Толық

Азия даусы

  • 0
  • 0

Ғасырлардың көш-керуені тынбаған
құмға толы, сырға толы бүл ғалам.
Жібек жолын ұзатып сап қиырға
келешекке мәңгі қолды бұлғаған.

Толық

Азатпен қоштасу

  • 0
  • 0

Соңымнан ерген сыңарым,
соңыңда қалып жыладым.
Сарқырап ағар шағында
сарқылып қалған бұлағым.

Толық