Орын аға

Бұл бетте «Орын аға» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 654
(Маңғыстаудың өнер бағбаны Орын Құлсариевке)

Орын аға орнын тапқан өнерден,
өнерімен өсіп-өніп, көгерген.
Күймен бірге күмбірлесе ол егер
көзін алмай қол соғады көрермен.
Мәңгі орнығу әуезді, әсем тұғырға
өнерменен егіз деген ұғым ба —
дирижер да, күйші де өзі, өнердің
еш түрінен жерінбеген ғұмырда.
Орын аға, жақсылыққа жаршысың,
үлгі болды өзгелерге қанша ісің!
Қаншама жыл тер төктің сен татсын деп
әр көкірек әсемдіктің тамшысын.
Танылатын көңілдерде жаз бары
тіршіліктің сен оятқан аз ба әні?
Қаншама жыл тер төктің сен қалсын деп
әр жүректе сұлулықтың саздары.
Өнер десе өрге жүзер арманы
шәкірттерің майысқан бал бармағы
ойда-қырда домбырасын шалқытып,
қаншама рет қобыз болып сарнады!?
Жылдар бойы ерген өрен ізіңнен
Маңғыстауға маржан болды тізілген.
Салтанатың арта түсер әрқашан
өнер сүйген ауылдас, ұл, қызыңмен.
Сан дарынға елі танып, еркем дер
жол ашқан сен, мақтан тұтар ертеңдер.
Сені көріп қайта оралған секілді
асатаяқ, сыбызғы мен шертерлер.
Ашықтықтан ажырамасын көгі елдің,
таусылмасын сырлы сазға бөлер күн —
аймағымда мәңгі көктеп тұрсын тек
сен баптаған бәйтерегі өнердің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орын аға өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Орын аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орын аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орын аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері