Өлең, жыр, ақындар

Қамшы

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 818
Зіл жинаған бойына, сес сіміріп,
ессізді де келеді ол естіні ұрып.
Сөз үйірсе қамшыдай ана аузымен
екпінінен соның-ақ өстім ығып.
Қамшы, дүре дегенді жойып халық,
дойыр, дырау қаруын қойыпты алып.
Табы өшсе де арқадан, кей кездері ,
кетеді әлі қамшы-сөз сойып салып.
Зіл жинаған бойына, сес сімірген
қамшы айыбын қазағым кешті мүлдем.
Қамшы үйіріп қатынды сабайтұғын
қондырмайды қоңсы енді ескіні іргем.
Жатады енді тып-тыныш сөре бойлап,
қызу қанды шақтарын, көнені ойлап.
Сауырынан сәуріктің сыйпаса мәз,
жүретін шақ кетті алыс төбеде ойнап.
Үйіретін қасқырға аңшы-мерген,
қап-қара боп нақ тұрған тамшы термен
қызыл күрең тобылғы қайда қазір,
қара қайыс қатырып қамшыны өрген.
Намыс буса кек қалған зорлағаннан,
«кеуделері толған күй, толған арман
бабаларым қолынан тастамаған
бес қарудың бірі енді ол қолда қалған.
Қамшы... қамшы өткеннен сыр ұқтырған,
кетті ойды кейінге бұрып тұлғаң.
Сені көрсем әкешім түседі еске
тор жорғаның үстінде күліп тұрған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күндер

  • 0
  • 0

Қымбат күндер ұясындай үміттің
болар кейде ордасындай бүліктің.
Өмір көшін өткергенде сендерден
қалады екен тау суындай тұнық...

Толық

Жүрегім

  • 0
  • 0

Тіршіліктің ақтарып сап сандығын
ауыр саған сезіп, білу барлығын
Зұлымдықтың, сатқындықтың салмағы,
неге саған түседі екен, жалғызым!?

Толық

Түн ішінде жыладың

  • 0
  • 0

Түн ішінде жыладың,
Ұйқыңды ашып,
Әншейінгі сүйкімді күлкің қашып.
Сен туралы лепірген қуанышты,

Толық

Қарап көріңіз