Тамшалы сай – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Тамшалы сай» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 898
(С. СӘУБЕТОВКЕ)

Тамшалы сай дегенде,
Тамшалы сай..,
Тамшалыда тамшының ән салысы-ай...
Тастан тасқа секірген тамшылары
сол әлемді жанымның аңсағаны-ай...
Тамшалы сай — сұлулық мөлдіреген,
сол сыйлаған шуаққа толды кемем.
Көңілімде өзге еш әсемдіктен
сияқты ма ерке өлең, өрбімеген,
Біртұтам жер — бір өзі бір елге тең,
шөлде мәңгі ол өмір сүрер ме екен...
Көлшік түбін жайлаған түкті балдыр,
балдыр ма әлде жайылған кілем бе екен...
Қазақтар ма сол маңға қой бақтырған,
суға шашу шашыпты оймақ-нұрдан.
Жасырынып тастардың тасасында,
тамшылармен кім екен ойнап тұрған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамшалы сай өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Тамшалы сай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамшалы сай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамшалы сай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері