Тәтті ұйқыда жатырсың балбыраған – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Тәтті ұйқыда жатырсың балбыраған» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 854
Тәтті ұйқыда жатырсың балбыраған,
көзім тоймай қараймын келбетіңе.
Күн астында жаралған барлық адам
неге әртүрлі деймін мен енді өкіне.
Болса егер дәл сендей барлық адам,
мүмкін жалғыз тілекке тоқтар едік.
Кетпес еді адамдық ар мұрадан,
бейбіт баққа жүрмес еді оқтар еніп.
Көтерер ек бірлесіп уақыт жүгін,
болар еді әлемде елге тыным.
Айтар еді тек қана бақыт жырын
балдырғаны түп-түгел Жер бетінің.
Түрлі ойлар, бастағы сыйқың басқа,
ызыңдасаң ойда тек ызыңда, сұм.
Ұйқта...
Ұйқта, боташым, ұйқыңды ашпа,
тәтті пысыл түндегі бұзылмасын.
Ойнасын бақыт-сәуле жүзіңде асыл,
сенем мен, әділеттің күші берік.
Әсем әуен — пысылың бұзылмасын,
жүрсін ақ көгершіндер түсіңе еніп...
жүрсін ақ көгершіндер түсіңе еніп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәтті ұйқыда жатырсың балбыраған өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Тәтті ұйқыда жатырсың балбыраған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәтті ұйқыда жатырсың балбыраған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәтті ұйқыда жатырсың балбыраған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері