Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма

Бұл бетте «Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 798
Ұсынып өзінің тек атын алға —
Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма?
Силап бір сырнайшы да, тәлім тұтып,
Өзінен асқан бар деп мақұлдар ма?
Шындық қой мұнысы да, көз салып көр,
Өзгені зор тұтқаның — өзіңе сор.
Ұсынсаң өмір жолын өзгелерге,
Өмірде өзіңе тек кезігер тор.
Көрдім мен талай шенді ұлықтарды,
Күндейтін бірін-бірі бүлік жанды,
Құлмақты құмалақтан айырмайды,
Жасауға шебер түрлі қылықтарды.
Сақтауға тозған абырой, шірік істі,
Кемітер олар жаңа сыпырғышты;
Ал жаңа сыпырғыш та мансап үшін,
Мән бермес ескілікке, сыры күшті.
Бір-бірін халықтар да сөгін, тілдеп,
Мұқатып жүрген жоқ па қастық тілеп.
Білсейші халық біткен, бәріңде де
Ежелден бір емес пе мақсұт-тілек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері