Нақыл өлең сөздер – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Нақыл өлең сөздер» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 585
Шіркеу терезесіндегі әйнектердей,
Өлеңдер бар түрлі-түсті.
Сыртынан қарасақ,
Біз ешнәрсені жөндеп, пайымдап та көрмейміз.
«Шетінен бұлыңғыр, керек десең одан да нашар екен
Деп айтар келген адам.
Ешбірін де жөнді көрмеген соң,
Ашуланып ол жынданар.
Болса болсын оны қайтесіз,
Ал сіз – батыл кірісіңіз,
Қасиетті поэзияның нағыз арасына!
Түрлі-түсті әйнектерден нұрлана сәуле берген,
Қандай жақсы! Қандай жарқын, жарық!
Бәрі де көңіл-күйді көтерер,
Көздің, шіркін, жауын алар,
Ия, жаңа өмір жолы біздерге ашылғандай.
Егер де сізде жан бар болса –
Taп онда сізге осы шіркеу көңіліңізге тура келер!

1827


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері