Гиджра

Бұл бетте «Гиджра» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 603
Солтүстік, Батыс, Оңтүстік күйреуде,
Тақ та, патшалық та құлады.
Шығысқа қарап жол тарт,
Тап таза қоңыр самал ауасынан дем ал,
Махаббаттың, ойын-сауық, ән-күй,
Шарап-шәрбәттің Отаны,
Жаңа өмірге қадам бас.
Сонда пайғамбарымыздың
Қасиетті салған жолына,
Кіршіксіз, мөлдір таза, ақылды,
Інжу-маржан, гауһар сөздеріне
Бар ықылас, көңіл-күйіңмен боларсың ынтызар.
Құл-пендем тілдесіп құдайыммен,
Жаны менен тәніне
Бұл жалғанның жылуы мен жарығын
Азаптанбастан, қиналмастан анық таппақ.
Ата-баба әруақтарына құрмет тұтып,
Өзгелерін – жат көріп,
Тура дінге кеңінен жол беріп,
Алдамшы сезімдердің жолын тарылтып,
Күннен күнге өсіп мәңгі жаңа сөздер,
Ауызба ауыз елдерге тарқап жатар.
Бір отар қойды бағып жүрген қойшы пендем,
Шынар ағаштың көлеңкесінде демалып,
Керуен сарай, небір азық-түлік, шай, шекер,
Тәтті зергер, мата-масатылар артқан саудагерлер
Сахара құмда, азынаған керімсал шөлдерді басып өтіп,
Бұл жердің ызадан шыққан зәмзәм суынан ішпестен кетпес сірә.
Тар жол, шөл далаға кезіккенде,
Өзіңді – ай, айқай-шуға бас,
Керуен түйелерге кенеттен тыс, күш-қуат беріп,
Хафиздің өлең-әндеріне салып, түн демей бас,
Көктегі жұлдыздар дүре қозғалып,
Қарақшылар үдере қашсын.
Моншаға түсіп тазаланып,
Жеңіс тойын тойлағын.
Және де Ғафиздің әніне салып,
Аппақ жібек атлас матаға оранған,
Сұлу бикеш бойжеткен биші қыздың
Аузындағы қатарласа тізілген
Інжу-маржан тістерін көріп,
Шіркін, бар денең балқып,
Ерекше бір нұрланып жүзің,
Шын жүрегіңмен құмар, ғашық боларсың.
Қызғаныш құрғыр әрмен кет!
Бұл жайды тек әншілер мекендеген,
Керемет ән-жырлар мекеніне шырқала жетіп,
Келгенінен жәй ғана хабар беріп,
Мәңгілікке жәннәттің төрінен орын алар.

1814


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гиджра өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Гиджра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гиджра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гиджра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері