Өлең, жыр, ақындар

Орман патшасы

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Кім ол, кешкі қараңғы ақшамда шауып шырықты бұзған?
Шабондоз екен жас баласымен кешігіп келе жатқан.
Жас бала қорқыныштан, әкесіне жабысып алған;
Шал оны құшағына қысып, жылытқан.
«Балам, сен неге соншама маған үрейлене жабысып қалдың?»
«Орман пашасы, ағайын-туысым көз алдымда менің: Ол қою сақалды,
Қара-қоңыр тәж киген күйде ерекше жарқырап көрінгендей».
«О, жоқ, ол ақ тұман ғой су бетінде көрінген».
«Балам, жас балақаным, бері қарашы маған;
Менің жағымда қуанышты істер көп-ақ:
Гүлдер маржан шашып, жайқала өскен;
Менің салтанатты сарайым алтыннан құйылған».
«Ағайын-туысым, орман патшасы менімен сөйлесіп:
Ол алтын, қанат пен қуанышты күндерді сыйламақ».
«О жоқ, менің жас балақаным, сен дұрыс түсінбедің;
Сылдыр қаққан жапырақтар болса керек жел оятқан».
«Келші маған, менің жас балақаным! Менің көк
Жасыл орманымда қыздарыммен кездесерсің;
Туған айдың жарығында сенімен бірге ойнап, ұшып көкте,
Күліп ойнап, ұшып, тербете сені, ұйықтатар».
«Ағайын-туысым, орман патшасы қыздарын шақырып:
Қараңғы бұталар арасынан маған қарап бас бұлғар».
«О жоқ, қараңғы түнде бәрі де тып-тыныш:
Кейде бір ақшыл бұталар қадала қарап тұрғандай».
«Балам, мен сенің қызығушылығыңның тұтқыны болам:
Келіспесең де, келіссең де, бәрібір сен менікісің».
«Ағайын-туысым, орман патшасы бізге жетіп алмақшы;
Міне ол жанымда: менің тынысымды тарылтып, мені қысып барады».
Жас балақан сарғая сағынған, жас балақан айқайға басқан;
Шабандоз болса шапқылау не, ұшып келеді қорқыныштан;
Шабандоз шапқылаумен, шабандоз шауып жетті...
Қолында оның өліп жатыр жас балақан.

1782



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұл құс

  • 0
  • 0

Жеңіл қанат қаққан салқын самалдарға,
Еріксіз мен таң қалам:
Сенсіз өмір сүруді сенен есіту сүйіктім,
Қаншалықты менің жаныма ауыр батар дейсің.

Толық

Кофта жырлары

  • 0
  • 0

Ақымақтармен болсын әуре ғалымдар,
Мәттақам ғой шаршамайтын пақырың!
Ал даналар бізді дәйім қабылдар,
Айтар және әзілді-шын ақылын:

Толық

Мұңға бату

  • 0
  • 0

Па, шіркін!
Маған соншалықты жүк артардай,
Жүрегім саған не болған?
Менің ғұмыр сүрген жанұям,

Толық

Қарап көріңіз