Татулық жыры

Бұл бетте «Татулық жыры» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 559
(1775)

Достар-ау! Ләззат, шараптан
Бой қызған мына ыңғайда
Достықты мәңгі мадақтап
Шырқайтын бірге жыр қайда?
Шалқытып тойып өмірдің
Отырсын шаттық құдайы,
Маздаған тату көңілдің
Көзесін отын ұдайы.
Жаңа бір жылу жалындап,
Жүрекке жүрек жарасты.
Аңқылдақ көңіл арындап,
Тартайық таза шарапты.
Алдағы тосқан достыққа
Арнайық, кәне, тостарды;
Не жетсін көңіл хоштыққа,
Ұмытпа ескі достарды!
Достықтан артық не қымбат
Тұрғанда баста байлығың?
Бағасы бәһра ол құрбәт,
Ол барда азат ай-күнің!
Қосылып салған ән қандай,
Жүректер жақсы-ау жарасқан!
Әдіре қазір қалғандай
Бақастық баққа таласқан.
Құдайлар бізге сыйлаған
Көреген, жіті көз ашық.
Кедергі-бөгет қираған
Алдымыз даңғыл, жол ашық.
Тартайық алыс шалғайға.
Еркіндік әнін бастайық;
Жадылық, жалған мұндайда
Жараспас — бәрін тастайық!
Басайың қадам қаттырақ,
Жолымыз кетсін кеңейіп.
Жанарда жалын атқылап,
Шаттана кеуде керейік.
Күл болсын дүние, мейілі,—
Кір түспес одан көңілге:
Достардың тату пейілі
Өшпейді мәңгі өмірде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Татулық жыры өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Татулық жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Татулық жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Татулық жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері