Сүйіктім дәйім жанымда

Бұл бетте «Сүйіктім дәйім жанымда» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 581
(1795)

Қиялымда елестейсің дәйім.
Көрінсе.де сәуле тереңнен.
Қиялымда елестейсің, айым,
Жарқ етсе де өзеннен.
Көрем сені, аруақтар түнде,
Алса да мені қоршауға.
Көрем сені жүргенде.—
Қиясы тар зор тауда.
Естимін мен даусыңды сенің,
Теңіздің шулы үнімен.
Ой қысса да кеудемді менің,
Орманда тыныш мүлгіген.
Жанымдасың дәйім сен менің,
Қиялымда — елесің!
Күн сөнді, жұлдызым,
Енді қашан келесің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сүйіктім дәйім жанымда өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Сүйіктім дәйім жанымда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сүйіктім дәйім жанымда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сүйіктім дәйім жанымда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері