Махаббат кітабы: ғашық-нама өнегелі жұптар

Бұл бетте «Махаббат кітабы: ғашық-нама өнегелі жұптар» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1347
Тағдырын алты ғашықтың,
Білсін деп жұртым, асықпын.
Түсінген оны кәрі-жас,
Сезінер сырын, жаңылмас.
Рүстем мен Рудабтың
Жүрегі сөзден сайраған...
Күйінген Жүсіп — Зылиха,
Сезімге мәуе жаймаған.
Үйірген Фархад — Шырынды,
Тасқынды сезім тажалдай.
Көрінген Ләйлі — Мәжнүнге
Айырылысу бір сәт ажалдай...
Жәмил менен Ботайна —
Айнымай серттен қартайған.
Сүлеймен мен жарына,
Өмірдің өзі марқайған.
Осыларды ойға түйген жан —
Ақықтай асыл сүйген жар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат кітабы: ғашық-нама өнегелі жұптар өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Махаббат кітабы: ғашық-нама өнегелі жұптар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Махаббат кітабы: ғашық-нама өнегелі жұптар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Махаббат кітабы: ғашық-нама өнегелі жұптар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері