Келесі жұп – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Келесі жұп» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 797
Махаббат — күш, күш жоқ оған тең келер,
«Не пайда одан?» — деседі кей пенделер.
Бұл махаббат ақша да емес, билік те,
Ер жігітке дем береді тірлікте...
Болмай ма ой жүгіртпей-ақ сан-саққа.
Вамика мен Азраны алсақ та.
Кім түсінбес сезімдерін олардың,
Атын айтсаң, жанарларға толар мұң.
Хикаясын қайғылы бұл адыздың,
Білмейді әлем. Білсе, білсе — нағыз мұң...
Білмейді әлем, бірін-бірі сүйгенін,
Сүйгені үшін махаббатқа күйгенін.
Үндемелік. Қоспайық еш тосын жай,
Махаббаттың мән-жайы, дос, осындай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері