Өлең, жыр, ақындар

Бітімбай досыма

  • admin
  • 03.01.2024
  • 0
  • 0
  • 323
Қарттық бізге, Бітімбай, таяды ма,
Қандай едік, ой шіркін баяғыда?
Бірге оқыдық, бір шықтық қансонарға,
Елуінші жылдардың аяғында.
Алматының бұл күнде алма бағы,
Бізге бәлкім «кімсің» деп таңданады.
Өтіп бара жатыр-ау қайран өмір,
Ойлай берсең батады жанға бәрі.
Бұйра бас едің, көрікті едің,
Дәнін шақтың өріктердің?
Асыр салған күн қайда аш қасқырдай,
Ақ марал мен ішінде еліктердің?
Қайран жастық кетіпті-ау көз көрмеске,
Өзгереді екен-ау өзгермес те.
Сен сапырып астана тайқазаның,
Мен құрадым ақын боп сөзден кесте.
Тағдыр жолың биікке жетеледі,
Нәсібеңді Тәңірім еселеді.
Бір мінезбен келесің аспай-таспай,
Бақ, дәулетті басы бар көтереді.
Мінезіңмен самалдай, майда керім,
Кеңге құшақ керіле жайғаң едің.
Сездірместен өтерін жастық дәурен,
Келіпсің-ау алпысқа қайран ерім!
Алтын құнсыз,
Адам мұнсыз болмайды.
Дәлелдің де керегі жоқ
Ол жайлы.
Қанша біздер бақыттымыз
Десек те.
Бір нәрсенің орны бірақ толмайды,
Өзіңменен бірге кетер сол қайғы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шабыт

  • 0
  • 0

Кеудемді керші, жұпар самал ескен,
Сан гүлдер, қайдасыңдар далада өскен?
Көмескі түсте көрген қызықтардай,
Өткен күн неге шығып барады естен?

Толық

Бір-бірінің қазанын сапырысып

  • 0
  • 0

Бір-бірінің қазанын сапырысып,
Бірін-бірі жататын шақырысып.
Кетсем бе екен ауылға көктем шыға,
Қайтатұғын біраз күн қатық ішіп.

Толық

Достым, саған айтар сырым көп менің

  • 0
  • 0

Достым, саған айтар сырым көп менің,
Басып өттім қырықтың қырқа өткелің.
Енді қанша жанар отым жарқылдап,
Шарпиды екен шартарапқа от-лебім?

Толық

Қарап көріңіз