Өсу мен өшу – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Өсу мен өшу» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1792
Әркім-ақ дәмелі өсуден,
Қорқады мезгілсіз өшуден.
Жүреді қанатты құсымсып,
Бұтақтан бұтаққа көшумен.
Әркім-ақ дәмелі өсуден,
Қорқады мезгілсіз өшуден.
Жүреді азулы кісімсіп
Әр қаптың түбін бір тесумен.
Ақыры баяулап байғұсың,
Молайтар құдайға қарғысын.
Айналар тыржыңға, мылжыңға
Сезген соң өшудің қайғысын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері