Құрақ – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Құрақ» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2298
Жел сарнаған маңы у-шу,
Желбірейді бал құрақ
Қара терең, қанды су
Алдырмайды ал бірақ.
Түссең түпсіз шетінен
Түйетайлы тұңғиық.
Су шыныны бетінен,
Сыпырады күн қиып.
Ұқсайды көл лөкке
Қара бұлттай шудалы.
Жатыр мола жиекте —
Махаббаттың құрбаны.
Не деді екен өлерде,
Тыңдады екен зарын кім?
Тұрған құрақ тереңде,
Үкісі ме арудың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері