Жорға – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жорға» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.02.2021
  • 0
  • 1
  • 753
Сүмбідей көк ат күмістей жалы желбіреп,
Тізгінді сүзіп, көсіліп салды демде үдеп.
Үзіліп түсті жалт етіп өткен сынаптай,
Шашасын жуып, моншақтай тамшы мөлдіреп.
Шұлғыды келіп, ұлпадай кекіл үлбіреп,
Тамсана қалды көз тігіп мына күллі лек.
Төгіліп барад, ғаламат жорға күй болып,
Болаттай тұяқ аяусыз жерді түйгілеп.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері