Досыма – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Досыма» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2117
Тілемеймін еш кешірім
Жырыма шаң көп қонса!
Жарқын-жарқын естілсе үнім,
Үнсіз күнім жоқ болса!
Осы сырым, шыным да осы
Мендік сөздің бәрі бар.
Қабыл ал сен, жырдың досы,
Жатырқамай қабыл ал!
«Ала-құла жазылғанмен» —
Бұл бір сенің жоралғың.
Қысың да мен, жазың да мен
Кездесуге қол алдым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері