Туған өзен бойында

Бұл бетте «Туған өзен бойында» атты Ғафу Қайырбеков жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1880
Кеше ғана бір үш қыстау тұратын,
Мекен етіп менің атам суатын,
Жар басында ұмыт қалған үш тұмақ
Секілденіп, қарсы алдымнан шығатын.
Самаладай самсаған үй көрдім мен,
Балалардай үш тұмақтан өрбіген.
Сүп-сүйкімді ақ шатырлы қала тұр,
Ал үш қыстау ғайып болған орнымен.
Арғы бетте жортады әлі киіктер,
Мейлің айдап, бұл қалаға жиып кел,
Үрікпейді, ешкім мылтық атпайды,
Әрі бейбіт, әрі жомарт сүйікті ел.
Қуанышын жасыра алмас жер өңі,
Туған қала — қойны неткен кең еді!
Бәрі туыс, жүгіріп те үлгіріп
Кешке дейін кіріп шыққың келеді.
Қара көз бала қара көз шабақ аулайды,
Ана бір кезгі өзімнен әсте аумайды.
Қара мұрт аға қармағына іліккен,
Сонау бір жарда сойылдай шортан аунайды,
Өзені Торғай қаладан жалғыз шақырым,
Су алар қыздар толқынға көміп балтырын.
Сығалар жігіт ат жалдатқан жағада
Атты да қызды үркітіп алмай ақырын.
Қазір ше? Қазір қалаға өзен кеп кірді,
Тулады ұзақ, каналға көнбей секірді.
Әр үйдің енді ішінде аунап жатыр ол
Қармаққа түскен әлгі бір шортан секілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған өзен бойында өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Туған өзен бойында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған өзен бойында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған өзен бойында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері