Түнек кетіп, жалғасты

Бұл бетте «Түнек кетіп, жалғасты» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 519
(1827)

Түнек кетіп, жалғасты
Алшақ белдер жақындап.
Жанды көкте, алғашқы
Алтын жұлдыз жарқырап.
Тайды бәрі, жоғалды,
Қатпар тұман ыдырап.
Түнектің түсі сұрланды,
Ұйқылы көл жылтырап.
Аясынан шығыстың
Туар ай, міне, толғанды.
Шыбығымен шіліктің,
Ойнап толқын ырғалды.
Сәулесі жарып бұлдырды,
Ай толықсып тұр көкте.
Самал сипап жүзіңді,
Енеді біздің жүрекке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнек кетіп, жалғасты өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Түнек кетіп, жалғасты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнек кетіп, жалғасты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнек кетіп, жалғасты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері