Қараша – Мерей Қартов

Бұл бетте «Қараша» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1162
Қоштасу айы – қараша.
Үйренді дәтім Жалғанға.
Мұңның өзі де – тамаша,
Өмірді ұға алғанға?
Адасқақтармыз – біз әлі,
Тағдырдың тармақ жолынан...
Алысқа құстар ұзады.
Еріп кетсем ғой соңынан!
Ыңылдап жүрсе үнемі,
Адамдар,
Мұңға бөленіп!
Кері ақпас уақыт, білемін.
Қоңырлау, сірә, өлеңім?
Шілік те, тал да қалтырап,
Шеңгел де тоңды-ау Түздегі.
Қайыңдарды да, балтыры ақ,
Өкпелеткендей Күз желі...
Қоштасу айы – қараша.
Мен бармын – үміт үзбейтін.
Қызғана сүйем оңаша,
Өмірдің осы қыз кейпін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараша өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Қараша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері