Көңілім-ай – Мерей Қартов

Бұл бетте «Көңілім-ай» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Көңілім-ай әр неге шалқымалы,
Тебірентер қаздың да қаңқыл-әні!
Мына қайран өмірдің шын болмысын,
Кім біледі, көргем жоқ бәлкім әлі?!.

Талға қарап, жапырақтар тыраулаған,
Дөңбекшіген жүрегім мұң аулаған.
Көпке түгіл, кәдімгі шөпке де осы
Жетпей жүрген сияқты ұнау маған?!

Пендемін ғой мен де бір, мұңы қалың.
Өз ойымнан суынып, жылынамын.
Сүйгендегі сезімім періште ме?
Қашан соны, шіркін-ай, ұғынамын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері