Жасыбай – Мерей Қартов

Бұл бетте «Жасыбай» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 526
Жасыбай көл- сағыныштан жаралған,
Көз жасындай
жәудіреген көп қыздың!
Тулап-тулап алатұғын әр алуан,
Тұла бойдан толқыныңды өткіздім.

Мінезің бар, жар соғатын жасқанбай,
Желпінесің жел-есерге ілесе.
Кейде – бұлтты,
Кейде ашық Аспандай
Мөлдірейсін.
Түнересің біресе!

Қалықтаған күз әуені – маңайың.
Ұғар кім бар, тылсымыңды түсініп?!
Беу, Жалған-ай,
Бозарыпты самайың,
Қазан соңы құстарыңды ұшырып.

Күрең-қызыл, жасыл түспен көмкерген,
Ай таранар таң ғажайып айнадай,
Жасыбайым,
Жұпар жұттым өлкеңнен,
Өткінші мұң өкінішін ойламай.

Төңірегің – қызқарағай сыланған.
Құбылады қайыңдар да ақ балтыр.
Бусанады таудан түскен тұманнан,
Мұңдас болған, сырлас болған мақпал қыр!

Қиялымды Құз басынан асырған,
Тұңғиғың-ғажабың ғой, Жасыбай!
Қозыкөш жер ұзағанда қасыңнан,
Көңіл көзі төге берді жас ұдай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасыбай өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Жасыбай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасыбай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасыбай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері