Муза – Мерей Қартов

Бұл бетте «Муза» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 721
Музамның маңдайында
нұры бар жарық Айдың!
Талдырмаш тал бойынан
табылмас тарыдай мін.

Музамның көздерінде –
– көңілдің тазалығы.
Сөйлеген сөздерінде –
– ғаламның ғажап үні.

Музамның еріні де
балауса бал татыдың.
Сезімнің көрігіне
шіркін-ай, сан балқыдым...

Музамның ақбілегі
мойныма оралады.
Құшқанда,
отты лебі
бойыма таралады.

Музамның тамағында –
– көктемнің жұпар демі.
Кіршіксіз жанарында
толқиды Бұқар көлі.

Қос жүрек үндесуде.
Періштем, пәктігі – жыр!
Музаммен мұң кешу де –
– тағдырлы тәтті ғұмыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Муза өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Муза өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Муза өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Муза өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері