Құсұйқы – Мерей Қартов

Бұл бетте «Құсұйқы» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 548
Ақкөңіл Ай, әр сәулесі сыйқырлы,
Жұлдыздар да қуланады сүйкімді.
Маужыраған бақ ішінде ұрлаттым,
Ащы мұңды және тәтті ұйқымды.

Қара мақпал, қызықтап түн ортасын,
Үміт күтіп, таңға иек артасың.
Ояусың ғой, құсұйқылы қарындас,
Сен де, сірә, жалғыздықтан қорқасың!..

Көкейіңде мейірімді сөз бүрлеп,
Елесіңмен елітесің көз күрмеп.
Кейде жылы, кейде суық кейпіңмен,
Ой ішінде тез соласың, тез гүлдеп.

Кім осындай қайшылыққа кінәлі?
Ешкім айтпас,
Ашылмады сыр әлі.
Түнемес-ау, қырсықтығың себепсіз,
Арамызды қаққа бөліп тұрады.

Қалауыңның дәл басатын тамырын,
Қасиетім аз.
Айналамның бәрі – мұң.
Саған қарай ұшам дейді жүрегім,
Сезесіңбе, ұғасың ба жарығым?!.

Кірпіктерің байланбаған,
Жатырсың...
Кім деп соқты, жүрек деген ақылшың?!.
Таң атқанда, қызды–мұзға айналтқан,
Өмір - сен де қатыгездеу ақынсың!

Алдымыздан бақыт күліп тұрғанда,
Менмендіктің қажеті жоқ, бұлдан ба.
Сәтін салса, татуласып кетерміз,
Қайырлы таң !
Шуақ түсті бұл маңға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құсұйқы өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Құсұйқы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құсұйқы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құсұйқы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері