Ауылды аңсау – Мерей Қартов

Бұл бетте «Ауылды аңсау» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 782
Қайтемін, қалада үйім.
Шертемін дала күйін.
Сыртымнан күн күлгенмен,
Ішімде ала құйын!

Жылқысы шұрқыраған,
Жусаны бұрқыраған,
Тым ыстық көрінеді
Ауылдың жұрты маған.

Қаладан аласұрам,
Кетпейді жарасып ән.
Тарпаңдау жүрегімді,
Тағы да таң асырам.

Қаладан іш тарылды,
Ұмыттым құштарымды.
Сен жаққа ұшырамын,
Сағыныш құстарымды!

Толтырды шерді қалаң,
Аңсауды берді маған.
Қиялмен тауға шығып,
Түсімде сергіп алам.

Жүректе жаңбыр әні,
Тау мұңым жаңғырады.
Қаладан, қайырымды
Күтемін тағдыр әлі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылды аңсау өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Ауылды аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылды аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылды аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері