Қызағаш – Мерей Қартов

Бұл бетте «Қызағаш» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 486
Қызағаш... қырау сырғалы...
Қолында – күміс білезік.
Мыстан-жел осып тырнағы,
Жаныңды тұр ма мұң езіп?!

Шашбауың – сары алтыннан,
Бойыңнан тапқан жарасым.
Айнымай осы қалпыңнан,
Ақылды арбап аласың.

Қайтқан құс қош деп шырқаса,
Билейсің неге ырғалып?
Бөлмейді көңіл жұрт аса,
Отырмын ойға шырмалып.

Күн сүйген маңдай, төбеңнен,
Бұлттар да көшті жосылып.
Тамырың соғар тереңнен,
Жүрекпен бірге қосылып.

Ал, Жаным - Күзде мұздағыш,
Көктемге әлден зарығам.
Қараша-күзгі қызғаныш
Аязбен тәнді қарыған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызағаш өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Қызағаш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызағаш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызағаш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері