Жаз дәурен шарбы бұлттай ыдыраған – Мерей Қартов

Бұл бетте «Жаз дәурен шарбы бұлттай ыдыраған» атты Мерей Қартов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 920
Жаз дәурен шарбы бұлттай ыдыраған,
Күндер-ай, аққан судай зымыраған.
Құстұмсық қайран шақтар кәусарынан,
татуға жеткізер ме ғұмыр аман?!

Беймәлім бәрі-бәрі, қыс алдағы...
Жорыған жақсылыққа түс алдады.
Қосылып қайтқан қазға елігіп ем,
Құскөңіл жербауырлап ұша алмады.

Жан мұздап, тоңазыды су сүйегі,
Қырдағы гүл де дір-дір бүрсүйеді.
Жәудіреп қимай кеткен Жаз көзінен,
Мендегі жүрек шіркін мұң сүйеді.

Бағынбас, бұрылмас та тағдыр, бақыт...
Көшеді жазбен бірге мөлдір уақыт.
Ойнатып жай оттарын жан-дүнием,
Тұр міне, сағынышын жаңбырлатып.

Толқимын жиі-жиі көлдей күзгі,
Түсемін сергелдеңге, өрлей құзды...
Сонда да мәңгі сүйем, өкінішсіз,
Өмір-ай, ең ғажайып сендей қызды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаз дәурен шарбы бұлттай ыдыраған өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Жаз дәурен шарбы бұлттай ыдыраған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаз дәурен шарбы бұлттай ыдыраған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаз дәурен шарбы бұлттай ыдыраған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар