Бұл бетте «Жаз» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.
02.08.2019
0
0
1385
Жаз да жетті жайраңдап, жайып құшақ,
Көңілімді көтеріп қайыққа ұсап.
Қарай бердім құмартып төңірекке,
Бар байлығын ақтарып байыпты шақ.
Көк төсінен керемет құйылып нұр,
Масақ біткен майысып, иіліп тұр.
Шарқ ұрады шабытым шалқып-тасып,
Алып-ұшып жүрегім, жиі ұрып бір.
Жайма-шуақ жайылып жаз етегі,
Айна көлді айналып қаз өтеді.
Үндерімен, аңқыған гүлдерімен
Жас балаша жанымды мәз етеді.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі