Соңында біз – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Соңында біз» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 893
Ғұмыр бойы сағынам?
Әлде бес күн?
Ерем бе әлде соңынан мәңгі елестің?
Еске алу бар, хош көру, жек көру бар,
Бірақ, саған мін тағар халде емеспін.

Жел соғады кешкісін мазамды ала,
Сүле- сапа қарайды бозаң дала.
Саған деген телегей сезімдегі,
Өсек деген бір түйір тозаң ғана!

Жанып жатқан кеудемнен сезіктенем,
Жүр деп бұған қалайша төзіп денем.
Сенен есеп алуға құлшынбаймын,
Сәттеріңнен ертерек кезікпеген.

Артта көктем, солда жаз, оңымда күз,
Бір тілегін қалқаның орындаңыз.
Тым бақытты ертерек болмасақ та,
Шын бақытты болармыз соңында біз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңында біз өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Соңында біз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соңында біз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соңында біз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері